Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы: Ақсақалдар бата беруден сайысқа түсті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 08.10.2021 2114 0 пікір
Алматы: Ақсақалдар бата беруден сайысқа түсті

Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты «Әл-Хамид» мешітінде ақсақалдар арасында бата беруден сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты – дін мен дәстүр аясында батагөй қариялардың қала халқына Алладан тыныштық, ынтымақ, береке-бірлік тілеу арқылы өскелең ұрпақ үшін қол жайып бата жасау дәстүрін жаңғырту.

Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Халық даналығы «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деп бекер айтпаса керек. Сайысқа аудандық мешіттерден 20 қария қатысты. Сөз мәнері мен тыңдаушыға әсері күшті, батасының мазмұны озық болған үш ақсақал алға шықты. 

I орынды (100 мың теңге) Наурызбай ауданы атынан Тәжібаев Жұмабай ақсақал иеленсе, II орын (70 мың теңге) Бостандық ауданы атынан Шакиров Мұхтар ақсақалға, ал III орын (50 мың теңге) Наурызбай ауданы атынан Құлшиев Жаңабай ақсақалға бұйырды.

Ал заманауи батасымен ерекшеленген Әуезов ауданынан сайысқа түскен Мәсен Әлқожа ақсақалға арнайы қаржылай сыйлық тапсырылды. Басқа да барша қатысушы ақсақалдарға қаржылай сыйлық пен кітап жиынтығы салынған топтама үлестірілді.

Ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада сөз алған бас имам Төлеби Оспан: «Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, көшпелі өмірдің келбетіне айналған бата – қазақ салт-дәстүрінің ішінде маңызды орынға ие. Халқымыз бата жасалған жерде жақсылыққа сеніп, ынтымақ, береке болады деп ырымдайды. «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деп елі үшін, ері үшін бата берер данагөй қарттарымыз аман болсын» деп сөзін түйіндеді.

Төрешілер қатарында болған ҚР мәдениет қайраткері, белгілі журналист Марат Тоқашбаев бүгінгі болған бата беру сайысының ұрпақ үшін маңызы зор екенін айтып, ұйымдастырушы Орталық мешіт қызметкерлері мен бас имамға алғысын білдірді. Алдағы уақытта осы игі бастаманы жылына екі рет тұрақты түрде өткізіп тұруды қолға алуын сұрады.

«Бұл бата беру сайысы біздер, қариялар үшін маңызды іс-шара болды. Халқымызда көнеден келе жатқан дәстүріміз - бата берудің бірнеше түрі бар екенін, сөз өнерінің қасиетін дамытатын баталар оқып, жаттап дайындық жасадық. Алдағы уақытта да осындай сайыстар өткізіп тұрса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Дін мен дәстүрді дәріптеуде батагөй қариялардың ақ батасы зор маңызға ие. Ұйымдастырушы бас имам Төлеби Дәділұлына және мешіт қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Еңбектеріне жеміс, дендеріне саулық тілейміз» деп жүлдегер Жұмабай ақсақал батасын берді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру