Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҚО: Діни бірлестіктер басшылары бас қосты

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 06.10.2021 2116 0 пікір
БҚО: Діни бірлестіктер басшылары бас қосты

Бүгін Орал орталық мешітінде ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігі мен облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер басшыларының клуб отырысы өтті.

Отырыстың мақсаты – конфессияаралық байланысты нығайтып, өңіріміздегі дін өкілдерінің бірі-бірімен жақын танысуына мүмкіндік беру.

Алдымен облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұлов сөз алып, дін басшыларын таныстырып, клуб отырысына сәттілік тіледі.

БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлы «Ислам діні» жайында ғиратты уағыз айтып, бірлесе еңбек етуге шақырса, Орал орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абдрахманов слайд арқылы асыл дініміз бен мешіттің тарихын кеңінен баяндап, толық ақпарат жеткізді.

Одан кейін діни бірлестіктің басшылары сөз алып, бүгінгі отырыстың маңыздығына тоқталып, өзара пікір алмасып, сауалдар қойып, бір серпіліп қалғандарын жеткізді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру