Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Бас имамның батасын алды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 06.10.2021 1814 0 пікір
Қостанай: Бас имамның батасын алды

Қостанай облыстық мешітіне қарасты  Жастар ісі және Әйел-қыздар секторларының ұйымдастыруымен «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында діни-танымдық семинар өтті.

Мешітке жиналған көпшілік алдында облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет пен наиб имам Әлішер Ертайұлы сөз сөйлеп, болашақта отбасын құратын өңір жастарына үлкен тағылым болатын ғибратты насихат айтты.

«Қоғам отбасынан құралады, еліміздің болашағы нұрлы және жарқын болуы сіздерге байланысты. Яғни өз алдарына жеке шаңырақ көтеретін жастардың сыйластығына, ауызбіршілігіне және туған жеріне деген ерекше сүйіспеншілігіне байланысты. Тату-тәтті отбасы ғана өмірдің түрлі белестерінен сенімді күйде өте алады» деді Б.Нұрғабылұлы.

Сондай-ақ мешіттегі жастардың өзекті мәселесімен тікелей айналысатын наиб имам Әлішер Ертайұлының да пікірі өте мағыналы әрі ұтымды шықты. Ол ата-бабаларымыздан келе жатқан «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген нақылдың мағынасын шараға қатысушыларға түсіндіріп жеткізді.

Семинар соңында қатысушылардың арасынан үйленуге ниеттенген жұптың некесі қиылып, бас имам бата беріп, ақ тілегін арнады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру