Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Павлодар имамдары Мәшһүр Жүсіп кесенесіне зиярат жасады

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 27.09.2021 2422 0 пікір
Павлодар имамдары Мәшһүр Жүсіп кесенесіне зиярат жасады

 

Павлодар облысына қарасты қала, аудан мешіті имамдары ҚМДБ-ның «Darhan Dala» жобасы аясында қазақ халқының ұлы ойшылы, атақты фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы, көрнекті тұлға, Ертіс-Баян өңірінің тумасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Баянауыл-Ескелдідегі кесенесіне зиярат жасады.

Кесене басындағы мұражай ішінде имамдар Мәшһүр Жүсіптің өмірбаяны, оның қасиетті дінімізді насихаттау жолында атқарған еңбегі туралы ой толғап, шағын отырыс өткізді. Мәшһүр Жүсіптің бабамыздың мұраға қалдырған 20 томдық еңбегінен таңдап алынған ғибратты сөздерінен біршама үзінділер айтылды.

Сонымен бірге ҚМДБ тарапынан биыл қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарының маңызы, киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру туралы айтылды.

Соңында Құран хатым етіп, ел-жұртқа жақсылық тілеп, дұға жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру