Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Шәкәрім қажы һәм Ихсан ілімі

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 23.09.2021 1733 0 пікір
Шымкент: Шәкәрім қажы һәм Ихсан ілімі

Шымкент қаласындағы Абдулxамид Қаттани мешітінің ұйытқы болуымен «Шәкәрім қажы  һәм Ихсан ілімі» танымдық діни семинары өтті.

Рухани басқосуға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, бас имамның кеңесшісі Бекайдар Әміре, Абдулxамид Қаттани мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек, «Нұр-Төбе» мешітінің бас имамы Бердалы Жәміш, «Мейірман» мешітінің имамы Дәурен Тасқараев, ЖАНТ мүшесі және мешіт имамдары қатысты.

Семинар барысында қазақ ақын-жырауларының, соның ішінде Шәкәрім қажының шығармаларындағы Ихсан іліміне қатысты ойлары ортаға салынды.

Іс-шарада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы жасалды.  

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру