Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Мөңке би атындағы көпір ашылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 08.09.2021 3019 0 пікір
Ақтөбе: Мөңке би атындағы көпір ашылды

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданы Қарғалы ауылында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мөңке би атындағы көпір ашылды. 

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйытқы болуымен салынған көпірге қалалық маслихат депутаты Ардақ Өтегенов демеушілік жасады. Мұндағы мақсат – мешіт салу ісімен қатар, халық мұқтаждығын өтейтін көпір салу ісін де сауапты амал ретінде насихаттау.

Шараға облыс бас имамы Серікжан Еншібайұлы, «Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов, Алматы ауданының әкімі Әміржан Оразғалиев, Мөңке би ұрпағы Садақбай Өтегенов, қалалық маслихат хатшысы Анар Даржанова, Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев пен қалалық маслихат депутаттары, БАҚ өкілдері мен Қарғалы ауданының тұрғындары қатысты.

Игі бастаманың демеушісі Ардақ Өтегеновтың айтуынша, құрылыс жоспары мен салуына 3 ай уақыт кеткен.

«Мөңке бидің ұрпағы ретінде халық мұқтаждығын өтейтін көпір салу ісін де сауапты амал ретінде үлес қосуды ниет еттім» деп Ардақ Өтегенов тілшілерге сұхбат берді. Қарғалы ауданының тұрғындары Гүлзира Қалымбет (2007 жыл) пен Тамара Мұхамедиярова (2010 жыл): «Бұрын тұрғындар өз күшімен ағаштан жасап алған «қылкөпір» талай адамды әбігерге салып, әсіресе мектепке қатынайтын балалар үшін үлкен машақат туғызатын. Қалаға қатынауымыз аса ауыр болды. Міне, ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық өкілдігінің мұрындық болуымен Қарғалы өзені бойына салынған жаңа көпір енді тұрғындардың қуанышына айналып отыр. Тұрғындар тарапынан «Нұр Ғасыр» мешітінің басшылығы мен қалалық маслихатының депутаты Ардақ Өтегеновке ризашылығымызды білдіреміз» дейді.

«Адам баласының бойындағы асыл қасиеттерінің бірі – қайырымдылық. Ол Отанын, отбасын, дінін, тілін құрметтейтін, ұлттық рухы жоғары азаматқа ғана тән. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешіт салу, құдық қазу секілді көпір салу ісі де сауапты амалдардың қатарына жататындығын айтып, сүйіншілеген. Көпір ауыл мен ауылдың, елді мекендердің арасын жалғап, халықтың мұқтаждығын өтейді. Осы орайда сауапты іске атсалысқан жанашыр азамат Ардақ Өтегеновке ризашылығымызды білдіріп, еңбегіне береке, отбасына амандық тілейміз. Өзгеде қалталы кәсіпкерлерді осындай жақсылықтың жаршысы болуға шақырамын» деді Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру