Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Өскемен: Мүшәйра жеңімпаздары марапатталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 02.09.2021 3459 0 пікір
Өскемен: Мүшәйра жеңімпаздары марапатталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп «Кемеңгер би-Кетбұқа» аймақтық ақындар мүшәйрасын жариялаған болатын.

Жуырда осы жыр мүшәйрасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Жыр бәйгесі ел Тәуелсіздігін ұлықтау, дала абызы Кетбұқа бидің даңқын әйгілеу, жастарға үлгі етуге бағытталды. Белгілі ақындардан құралған қазылар алқасы бәйгеге келіп түскен шығармаларды сараптап, жүлдегерлерді белгіледі.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Бақытжан Райсоваға (Өскемен қаласы), 1-орын Дәулетберді Жекейге (Өскемен қаласы), 2-орын Оразай Жеңіске (Өскемен қаласы), 3-орын Қызырбек Дүргінбай (Өскемен қаласы) мен Көгедай Шәмерханға (Күршім ауданы) берілді. Сондай-ақ Әсемгүл Серікбол (Глубокое ауданы), Ерік Омарғалиев (Семей қаласы), Роллан Кеңесхан (Тарбағатай ауданы) ынталандыру сыйлығымен марапатталады.

Шығыс Қазақстан облыстық Пушкин кітапханасында өткен марапаттау шарасына Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы қатысып, байқаудың ел тарихын таразылауда маңызды рөлге ие екендігін айта келе, ақындарға сәттілік тілеп, марапаттары мен ақшалай сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар бас имам «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының президенті, дін жанашыры, мецанат Қайрат Мусинге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің алғыс хатын табыс етті. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру