Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Қыздар арасында Құран жарысы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 13.08.2021 3209 0 пікір
Шымкент: Қыздар арасында Құран жарысы өтті

Шымкент қаласының Абай аудандық «Сабыржан ата» мешіті және шаһардағы Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Құран және отбасы» тақырыбында Құран жарысы ұйымдастырылды.

Жарыс Құран Кәрімнің 30-шы бөлімін (пара) жатқа оқудан өтті. Оған мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттер қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша: 1-орынды Салиха Мамыржанова, 2-орынды Мариям Муслимова, 3-орынды Гузаль Абдиева иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген қыздар мен барлық қатысушыға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлының атынан алғыс хат және қаржылай сыйлық табыс етілді.

Ұйымдастырылған шара барысында ата-аналар тағылымды жарыс үшін «Сабыржан ата» мешітің имамы Шухратбек Юлдашев мен ДСАК ұстазы Мукаддас Азимоваға ризашылықтарын білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру