ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 429-баспана Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентінде берілді.
«ҚМДБ-ның бастамасымен республика аумағында іске асып жатқан «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасын мешіт имамдарының халыққа, жамағатқа насихаты арқасында нәтижелі жүзеге асуда. Бұл сауапты іс-шараға Майқайың мешітінің имамы Бодаубек Солдатұлы бауырымыздың ұйымдастыра білуі және аталмыш мешіт жамағатының белсенді атсалысуы себепкер болды. Осы жолы көпбалалы, мүгедек отбасы мүшелеріне Майқайың кенті орталығынан 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстап отырмыз. Облыс бойынша атамыш жоба арқылы осымен 9-шы пәтер берілді» деді орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қанат Қабаев.
Сондай-ақ, қоныс иелеріне «Мәшһүр Жүсіп» мешіті атынан игі тілегін айтып, жаңа электр пешін тарту етті. Айта кетейік, баспана құжаттары толық рәсімделген.
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру