Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мешіт ашылды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 11.03.2021 2932 0 пікір
Қызылорда: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мешіт ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Қызылорда облысына қарасты Ақсуат ауылдық округінде жаңа мешіт ашылды.

Салтанатты шараға Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев қатысып, ауыл халқын жаңа ғибадат үйінің ел игілігіне берілуімен құттықтап, демеушілік танытқан Шәрікүл Әліарыстанқызына алғыс білдірді.

Ақсуат ауылындағы «Әліарыстан ата» мешітінің ескі ғимараты өткен жылы бұзылып, орнына жаңа ғибадат үйі салынды. Шәрікүл Иманбердиеваның мұрындық болуымен заманауи үлгіде салынған жаңа мешіт ғимараты 300 адамға лайықталған. Мешітте ерлер, әйел залымен және 70 адамға арналған діни білім беру бөлімі, 300 орынды асхана бар.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру