Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ОҚУҒА ҚАТЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 05.03.2021 2902 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ОҚУҒА ҚАТЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ (ФОТО)

 

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпарпаттық-коммуникациялық орталығында жасыл аймақта орналасқан мешіттерде жұма намазын оқу жөнінде арнайы БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырылды.

Брифингке Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов пен наиб имамы әрі баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров қатысып, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және ҚМДБ тарапынан жұма намазын оқу туралы талаптары мен ережелері түсіндірілді.

«Жұма намазын оқу үшін келген азаматтарға айтарымыз, Бұрынғыдай жұма намазы алдында жарты сағат уағыз-насихат айтылмайды. Тек жұма құтбасы мен екі ракат парызы өте қысқа сүрелер мен аяттар оқу арқылы жүзеге асырылады. Және жұма намазынан кейін тәсбі тарту және құран аяттары оқылмайды. Сақтық шаралар негізінде жұмадан кейін оқылатын 4 ракат сүннетті үйде оқығаны абзал» -деді бас имам А.Нұрматұлы.

Брифингке жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен газет-журналдардың тілшілері, сондай-ақ блогерлер қатысты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру