Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Намазханалар жаңаланып жатыр

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 21.01.2021 2069 0 пікір
Қостанай: Намазханалар жаңаланып жатыр

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет Қостанай ауданы Алтын дала ауылындағы «Өтеген қажы Өтешұлы» намазханасында  жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыс барысымен танысты.

Алтын дала ауылының тұрғыны әрі мешіт жанашыры Сағындық Есментаев бас имамға намазханадағы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Сондай-ақ Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық намазханасының асханасы да биыл халық игілігіне тапсырылады.

Бахытбек қажы Нұрғабылұлы осы сапарында Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің имамы Асылхан Түсіпбекпен бірге елдімекеннің ақсақалдарымен кездесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру