Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Сырдария ауданындағы сүбелі істер

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 29.11.2020 2488 0 пікір
Қызылорда: Сырдария ауданындағы сүбелі істер

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов Сырдария ауданына қарасты ауылдарда болып, іс-шараларға арнайы қатысты.

Бас имам алдымен Асқар Тоқмағанбетов ауылына арнайы барып, күрделі жөндеуден өткен «Ауыл» мешітінің қайта ашылуына қатысты. «30 жылға – 30 игі шара» жобасы аясында ауыл мешітіне жылу жүйесі қосылып, едені қайта жаңартылды. Михраб пен мінбері де ауыстырылып, күмбезі мен ғимараттың іші-сырты қайта әрленді. Жаңа жайнамаздар төселіп, мешіт жанынан асхана салынды.

Жөндеуден кейінгі өзгерістермен танысқан Болатбек Ұласқанұлы демеушілік танытқан жергілікті кәсіпкер Есжанов Меңдіғали сынды жанашыр азаматтарға алғысын білдіріп, жергілікті ақсақалдармен жүздесті.

Сондай-ақ Сырдария аудандық орталық мешітінің ұйытқы болуымен ауданда орналасқан бейіт қоршалды. Сауапты іске ауданның кәсіпкері Р.Есенов пен кент әкімшілігі қолдау білдіріп, демеушілік жасады. Мазарат қоршауының жалпы ұзындығы – 900 метр. Атқарылған жұмыстар нәтижесімен танысқан бас имам Болатбек Ұласқанұлы марқұмдарға құран бағыштап, қорымның қоршалуына үлес қосқан азаматтарға алғысын жеткізді.

Бұдан бөлек Тереңөзек кентінде «30 жылға – 30 игі шара» жобасы аясында жаңа көпір халық игілігіне берілді. Болатбек Ұласқанұлы көпірдің лентасын қиды. Көпір жаяу жүргіншілерге арналған. Жалпы ұзындығы – 12 метр, ені 1,70 – метр.

Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Сырдария аудандық мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясына қатысты. Акция аясында отын алуға шамасы жетпей отырған 5 отбасының әрқайсысына 5 тонна көмір жеткізілді.

Сондай-ақ Қалжан ахун ауылдық «Қалжан ахун» мешітінің ұйымдастыруымен «Марафон – 2020» сайысы өтті. Онлайн марафонда қатысушылар «Адамзаттың асыл тәжі» кітабын оқу, Абай өлеңдерін жатқа оқу, спорттық жаттығулар жасау аталымдары бойынша 20 күн бойы бақ сынады. Жарыс қорытынды бойынша, Ж.Камалов, Е.Хамитов және Н.Кенжебекұлы І, ІІ, ІІІ орындарды қанжығаға байлады. Бас имам Болатбек Ұласқанұлы жүлдегерлерді құттықтап, бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру