Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтау: 334-баспананың кілті табысталды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 29.11.2020 2489 0 пікір
Ақтау: 334-баспананың кілті табысталды

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 334-інші пәтер Сайын ауылыың тұрғыны Марияш Жаймановаға берілді.

Үш баланың анасы 15 жылдан бері үй жалдап тұрады, оның үстіне ортаншы ұлы Мирас сал ауруына шалдыққан, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ.

ҚМДБ «Зекет» қоры өкілдігі, Ақтау қалалық Бекет ата мешіті және ерікті де қайырымды азаматтардың қолдауымен алынған үш бөлмелі үйдің кілтін Марияш анаға Ақтау қаласының бас имамы Құрбанбек Абдалиев табыс етті.

– Жалғызбасты ананың жағдайына бей-жай қарай алмадық. Сал ауруына шалдыққан ұлының дертіне дауа іздеген Марияш ананы жолдасы қиын кезде тастап кетіпті. Ананы қолдау, балаға қол ұшын созу – баршамыздың парызымыз, - дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Қ.Абдалиев.

Еліміздегі пандемия жағдайына қарамастан, Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде ізгі істер жалғасын табуда. Қараша айында мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен азық-түліктер алынып, қайырымдылық шаралары өткізілді. Мешіт тізімінде тұрған 30 мұқтаж отбасына күнделікті тұтынатын күріш, секер, ұн, сұйық май және макарон өнімдері жеткізілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру