Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 26.11.2020 2996 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы ұйымдастырған халықаралық конференцияға қатысты.

«Орталық Азияның конфессиялық әлемі; жағдайы, тәуекелдері, шешу жолдары» атты жиынға Орталық төрағасы Алтай Абибуллаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті Төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров, сондай-ақ Ресей, Ауғанстаннан ресми меймандар қатысып, сөз сөйледі. Жиында негізінен Орталық Азиядағы діни қақтығыстардың алдын алу жағы тереңірек қозғалды. Онлайн конференцияда сөз алған Ершат Ағыбайұлы біздің елімізде өтіп тұратын ірі бастамалардың маңызына тоқталды. Атап айтқанда Бүкіләлемдік Діндер съезінің мақсаты жайлы айтып өтті.

«Қазір елімізде 18 түрлі конфессияның 3,5 мыңнан астам діни субъектісі тіркелген екен. Осындай әр алуандық аясында біз ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен діни бостандықтарды қорғау арасындағы тепетеңдікті таба алдық. Неге? Өйткені біздің елдің басым көпшілігі Ислам дінін ұстанады. Ал Ислам сөзінің өзі бейбітшілік деген мағынаға саяды. Исламның тағы бір мақсаты: адамзатқа деген сүйіспеншілік, адам құқығына құрмет етуді жүрекке орнықтыру арқылы қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтау. Дініміз бұл мақсатта көптеген қағидалар қойған. Бір-бірімізді сыйлау, басқалардың құқығына құрмет көрсету нағыз мұсылман болудың шарты» деді наиб мүфти.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру