Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Қармақшыда қорым қоршалды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 26.10.2020 2722 0 пікір
Қызылорда: Қармақшыда қорым қоршалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» аясында Қызылорда облысының Қармақшы ауданында орналасқан бейіт қоршалды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен кезекті жобаның жүзеге асырылуына 1972 жылы туған азаматтар демеушілік жасаған. Мазарат қоршауының жалпы ұзындығы шамамен 380 метрді құрайды.


Игі жұмыстар нәтижесімен танысқан бас имам Болатбек Ұласқанұлы алдымен марқұмдарға құран бағыштап, қорымның қоршалуына үлес қосқан жанашыр азаматтарға алғыс білдірді. Айта кетейік, бұған дейін Арал мен Қазалыдағы ауылдарда құдық қазылып, Шиелі ауданына қарасты ауылда көпір ел игілігіне берілген болатын.

 
 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру