Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Нұр-Сұлтан: 100 отбасыға көмек берілді

sunna.kz 24.10.2020 2701 0 пікір
Нұр-Сұлтан: 100 отбасыға көмек берілді

Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай қайырымдылық шарасы болып өтті. Қасиетті жұма күні осылайша қайырымдылық шарасымен өрнектеліп, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға ет үлестірілді.

Аталмыш шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, шараға келушілерді Мәуліт айымен құттықтады. «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан да іс-шараға қатысушыларды мәуліт айымен құттықтай отырып, аталған игі шараға демеушілік жасаған Исламбек Салжановқа мешіт ұжымы атынан арнайы алғысын білдірді.

Айта кетейік, мешіт ұжымының ұйытқы болуымен кәсіпкер Салжанов Исламбек Төлеубайұлы іс-шараға демеушілік жасап, 2 сиыр, 1 жылқы малын қайырымдылыққа арнаған болатын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру