Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей: Қос қайырымдылық шарасы өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 21.09.2020 2354 0 пікір
Семей: Қос қайырымдылық шарасы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай ҚМДБ-ның Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» іс-шарасы Шар қаласында өтті.

Айтулы шара барысында Семей орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Боранбайұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған игі шараның маңыздылығына тоқталып, арнайы құттықтау сәлемін жеткізді.

Шар қаласының тұрмыс жағдайы төмен 10 отбасына  арнайы азық-түлік себеттері (ұн мен макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, қант, сұйық май, шай) үлестірілсе, одан бөлек, «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, 10 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары берілді.

Шара соңында мұқтаж жандар дін қызметкерлеріне алғыстарын айтып, жасап жатқан игі істеріне ризашылықтарын білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру