Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Тазалық жұмыстары жүргізілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 19.09.2020 2742 0 пікір
Шымкент: Тазалық жұмыстары жүргізілді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Бүкіләлемдік тазалық күні» акциясына үлес қосып, барлық мешітте тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Игі  шараға үлгі болып Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов қатысып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында жүзеге асқандығын атап өтіп, тазалық шарасына қатысушыларға алғыс білдірді.

Жалпы тазалық шарасына Шымкент қаласындағы 106 мешіттің имамы, қалалық Жастар ісі секторы және Әйел-қыздар секторы мен мешіт жанындағы еріктілер топ мүшелері қатысты. Шара аясында санитарлық талаптарды сақтай отырып, мешіттердің іші мен сырты, дәретханасы, ауласы тазаланып, ретке келтірілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру