Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Павлодар: 269-пәтер қос қарияға берілді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 18.09.2020 2679 0 пікір
Павлодар: 269-пәтер қос қарияға берілді

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай Павлодар облысында «Зекет» қорының «Ел үлесі-пәтерге!» акциясы аясында 269-пәтер, ал Павлодар облысы бойынша 8-ші пәтер табыс етілді. Бұл сауапты шараны Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кенті мешітінің бас имамы Бодаубек Солдат ұйымдастырды.

Майқайың кентінде көп жыл көше сыпырған, қазір екі жарты бір бүтін болып бас қосып отырған, баспаналары құлауға шақ тұрған, өздері ауру Кенжалин Мадияр мен Тұрғынбаева Халима есімді қос кейуанаға Майқайыңнан екі бөлмелі пәтер сатып алып берілді. Оған жүрегі жомарт кәсіпкерлер демеушілік жасады. 

Игі шараға Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов, мешіт имамдары мен ауыл тұрғындары қатысты. Облыстың бас имамы игі жұмыстың маңыздылығына тоқталып, қос қарияға пәтердің кілті және тұрмыстық электроника бұйымдарын табыстады.

Көпшілік баспаналы болған отбасыға жылы лебіз білдіріп, шашу шашты. Қиын жағдайда қалған екі қартқа баспана сыйлап, көмек көрсеткені үшін күллі ауыл қуанды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру