Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Жаңа бас имам – Aqtòbe телеарнасында

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 05.08.2020 2629 0 пікір
Жаңа бас имам – Aqtòbe телеарнасында

Бүгін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жаңа бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев Aqtòbe телеарнасында қонақта болып, «Иман нұры» хабарына қатысты.

Нұрлыбек Шәкизадаұлы «Көркем мінез» тақырыбындағы мазмұн-мағыналы әңгіме өрбітіп, журналист Есет Қаниевтің сұрақтарына жан-жақты жауап қайтарды. Сұхбат барысында асыл дініміздегі көркем мінездің маңызы мен оның қоғамдағы алатын орны турасында кеңінен сөз болды. Сонымен бірге студия қонағы Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезінің ерекшелігіне тоқталып өтті.

«Иман нұры» хабарының бұл түсірілімі Aqtòbe телеарнасында алдағы 20 тамызда эфирге шығады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру