Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ШҚО: Ауруханаға қымыз жеткізілді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 15.07.2020 2599 0 пікір
ШҚО: Ауруханаға қымыз жеткізілді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті және «Зекет» қорының Өскемен аймағы өкілдігі бірлесіп ауруханаға ерекше қайырымдылық жасады.

Облыстық ауруханада коронавирус індетімен ауырып емделіп жатқан науқастарға қымызбен қой етінен жасалған сорпа таратылды. Науқастардың ауруға қарсы иммунитетін көтеру, тезірек айығып кетуіне халықтың дәстүрлі сусын-тағамдарынң ролі зор екендігі аян.

Қайырымдылық туралы ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Науқастарға күш берсін деп қымызбен сорпа әкеліп отырмыз. Аурудан айығуға қымыздың және сорпаның орны ерекше. Қазіргі таңда індетпен ауырып жатқан адамдарға өңірдің дін қызметкерлері де барынша қолдау көрсетіп жатыр. Ауырып жатқан жандар тезірек аауығып кетсін» деп ізгі тілегін жеткізді. Бас имам сонымен қатар өңір халқына карантин талабын қатаң сақтап, індеттен барынша абай болуды үндеді.

Дін қызметкерлерінің бұл сыйын науқастарда ризашылықпен қабылдап, бейнеүндеу жолдады. Олар: «Бізді қолдап, ақ дәм ұсынған мешіт қызметкерлеріне мың алғыс. Мейірімді жандар аман болсын» деп ізгі тілектерін білдірді.

Қазіргі таңда облыстық ауруханаға күніне 100 литр қымыз және қой сорпасы таратылуда. Бұл игі істі аурухана басшыларды да зор ризашылықпен қабылдап жатыр.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру