Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АЛМАТЫ: ЕЛДІМЕКЕНДЕ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 15.07.2020 3852 0 пікір
АЛМАТЫ: ЕЛДІМЕКЕНДЕ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласы өкілдігі атынан Алматы облысы, Жамбыл аудандық Үмбетәлі елдімекеніне көлік пен жаяу жүргіншілер өтетін көпір қолданысқа берілді.   

Ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы Наурызбай ауданының бас имамы Әсет Аташов және Үмбетәлі елдімекенінің тұрғындары қатысты.

Ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы ең алдымен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, «30 жылдыққа 30 игі шара» аясында игі іске мұрындық болған азаматтарға алғыс білдірді.

Үмбетәлі елдімекенінің тұрғындарына тарту етілген бұл көпір Алматы қаласы мешіттерінің, атап айтқанда, Наурызбай ауданы мешіттерінің жамағаты мен жомарт жандардың ұйымдастыруымен салынды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру