Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Алматы аймағы: «Stop COVID-19» шарасы өтті

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 14.07.2020 2595 0 пікір
Алматы аймағы: «Stop COVID-19» шарасы өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет Орталық аппарат және облыс имамдарымен өткізген онлайн жиында: «Карантин жағдайына қарамастан қайырымдылық шаралары тоқтамайды. Аймақтардағы мешітке қарасты тігін цехтарын іске қосып, қажетті бетпердемен қамтамасыз етуді имамдарға тапсырамын» деген болатын.

Осыған орай Алматы облысының Талғар ауданында «Stop COVID-19» қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында аудан имамы Қажымұқан Қамбарұлы бастаған мешіт қызметкерлері аудандық Жастар ісі бөліміне жауапты Қасымхан Қалдыбайұлы 100-ге жуық әлуметтік аз қамтылған отбасыларға, ел қызметінде жүрген жұмысшыларға, жалғызбасты аналарға бетперде мен антисептик үлестірді.

Мешіттерден ұдайы жәрдем алып тұратын отбасылар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасына ризашылық білдіріп, алғыс айтты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру