Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШҚО: Онлайн насихат – оңайлы тәсіл

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 14.07.2020 2260 0 пікір
ШҚО: Онлайн насихат – оңайлы тәсіл

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі карантинге байланысты онлайн уағыз-насихат кестесін шығарып, бейнеуағыздар тізбегін халыққа ұсынуда. Уағыздарда адамгершілік құндылықтар, имандылық, Абай тағылымы және қайырымдылық тақырыбы кең көлемде қамтылуда.

Имамдар уағыз-насихаттарда халықты сабырға шақырып, бір-біріне көмек көрсетуге, карантин талабын қатаң сақтап, індетке жол бермеуге шақыруда. Тәлімдік насихаттарда денсаулықтың маңызы, салауатты өмір салтын ұстану, тамақтану әдебі қатарлы күнделікті өмірге пайдалы кеңестерге де кеңінен орын берілген.

«Қазіргідей қиын кезеңде интернет арқылы халыққа жол сілтеп, рухани қолдау көрсетіп, сабырға шақыру – барша дін қызметкерлерінің парызы. Денсаулықтың маңызын насихаттап, елді карантин талаптарын сақтауға шақыру, қиын жағдайда адамдарды қайырымдылыққа үндеу – имамдарымыздың абыройлы борышы. Осы мақсатта өкілдікте бірқатар істер атқарылып жатыр. Бұл бағытта әлеуметтік желілермен ақпараттық сайттың әлеуетін арттырып, барынша қолданып отырмыз» деп Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру