Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАЗАҚСТАН ИМАМДАРЫ МЕН ҰСТАЗДАРЫ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.07.2020 3870 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН ИМАМДАРЫ МЕН ҰСТАЗДАРЫ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

Бүгін, 13 шілде – жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты республиканың барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы жасалды.

Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде, шығысы мен батысында, орталық өңірлерінде соңғы бір апта ішінде 100 Құран Хатым оқылса, бүгін облыстардың бас имамдары, медресе ұстаздары арнайы дұға жасап, бір Алладан ел амандығын тіледі.

Имамдар мен ұстаздардың бәрі де індеттен қайтыс болғандардың рухына Құран бағыштап, қол жайып, Жаратқаннан қиындықтың соңынан жеңілдік келуін, науқастардың тезірек сауығып, індеттің жер бетінен жойылуын сұрады.

Бұған дейін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өкілдіктерде індетке қарсы дұға жасалып, құрбан шалынғанын айта кеткен жөн.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру