Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: 1 тоннадан астам ет таратылды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 09.07.2020 2593 0 пікір
Қызылорда: 1 тоннадан астам ет таратылды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 250-ден астам отбасыға көмек көрсетілді.

Өкілдікке қарасты Жаңақорған аудандық мешіттерінің мұрындық болуымен өткен игі шарада 3 ірі қара, 18 бас қой құрбан шалынды. 

Құрбан шалу барысында мешіт имамдары елдегі ахуалға байланысты Алла Тағаладан жәрдем тілеп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін  дұға жасады.

Бас мүфти бастаған «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына жергілікті жамағаттар да белсене атсалысты. Нәтижесінде аудандағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға 1 тонна 230 келіден астам құрбан еті мен 256 азық-түлік қоржыны таратылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру