Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей имамдары құрбан шалып, дұға жасады

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 04.07.2020 2514 0 пікір
Семей имамдары құрбан шалып, дұға жасады

Әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінен тез құтылып, ауырғандар сауығып, бұрынғы қалпымызға жету мақсатында ҚМДБ Семей қаласы бойынша өкілдігінде құрбан шалып, дұға ету шарасы ұйымдастырылды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай ұйымдастырылған шараны Семей қаласының имамдары жалғастырды. 

Осынау қиын сәттерде шипа мен ем болатын алғашқы амал – мұсылманның дұғасы. Көпшілік Құран хатымын жасап, оқылған намазда да, берген садақаларында да Алладан еліміз үшін амандық сұрауда.

Игі шара барысында арнайы мал шалынып, құрбан еттері мұқтаж отбасыларға таратылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру