Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Індетке қарсы дұға жасап, құрбан шалды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 03.07.2020 3625 0 пікір
Шымкент: Індетке қарсы дұға жасап, құрбан шалды

Әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінен тез құтылып, ауырғандар сауығып, бұрынғы қалпымызға жету мақсатында ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде құрбан шалып, дұға ету шарасы ұйымдастырылды.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай ұйымдастырылған шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, Мейірбек қажы Сәрсенбаев, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, «Жастар секторы» жетекшісі Анарғали Керімбековтер мен қатар қаладағы барлық мешіт имамдары атсалысып, салауат, ыстиғфар айтып, дұға тілек жасап, арнайы қажет намазы оқылды.

«Санитарлық талаптар мен ережелерді сақтау қажет. Әрбір адамның өмір аманат. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде, дұға мұсылманның қорғаны деген. Сондықтан осындай иігі шарада ел амандығы үшін дұға етіп, көп салдауат айтайық», - деді қаланың бас имамы Б.Нұрматұлы.

Игі шара барысында арнайы мал шалынып, құрбан еттері мұқтаж отбасыларға таратылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру