Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Маңғыстау: Құрбан шалып, дұға жасады

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі 03.07.2020 2805 0 пікір
Маңғыстау: Құрбан шалып, дұға жасады

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің бірқатар өңірінде Алладан рақым, медет, шипа сұрау мақсатында құрбан шалып, имамдар дұға жасаған болатын.

Бастамаға атсалысқан ҚМДБ Маңғыстау аймағы өкілдігі ірі қараны құрбандыққа шалып, өлкенің бас имамы Әнуар Елжанов барша дін қызметкерлерімен бірге ел амандығы үшін дұға жасады.

– Адамзат баласы дүние жаратылғаннан бері түрлі сынақты басынан өткеріп келеді. Өйткені бұл өмірдің өзі – сынақ. Оның қуаныш-қайғысы да, ауыр кезі мен жеңіл күндері де біз үшін – сынақ. Мұсылман баласы қиындыққа мойымай, қуанышқа мастанбауы керек-ті. Хәкім Абай атамыз «Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме» деп, жазмышқа сабыр етіп, ары қарай өмір сүруге талпыну керектігін меңзеген. Біз де мүмкіндігімізге қарай халқымыздың көңіліне медеу, мұқтаждарға демеу болсын деп, Алладан дұға тілеп, құрбандық шалып жатырмыз. Жаратқан Иеміз қабыл қылғай! – дейді Ә.Елжанов.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру