Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БЕЛГІЛІ ДІН ҚАЙРАТКЕРІ ӘБДІҒАППАР СМАНОВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 01.07.2020 39331 2 пікір
БЕЛГІЛІ ДІН ҚАЙРАТКЕРІ ӘБДІҒАППАР СМАНОВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Елуді еңсерген шағында ел ағасы, белгілі дін қайраткері Әбдіғаппар Сманов дүние салды.

Әбдіғаппар Сманов 1970 жылдың ақпанында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келді. 1990-1994 жылдары Бекабад қаласындағы «Мағрифат» медресесінде (Өзбекстан) діни білім алды. 1994 жылдан бастап «Таяқты ишан» мешітінде бас имам және осы мешіт жанындағы медреседе ұстаздық қызмет жасады.

2010-2016 жылдары Сарыағаш медресе-колледжі директорының орынбасары, 2016 жылдың желтоқсанынан бастап Сарыағаш медресе-колледжінің директоры қызметін атқарды.

Әбдіғаппар Шәкірұлы Қазақ топырағындағы Ислам дінінің гүлденуі жолында елеулі еңбек атқарды. ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобы құрамында еліміздің бірқатар аймағында болып, жұртшылықпен жүздесіп, асыл дініміздің насихатшысына айналды.

Алланың рақымы, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты болғай!

Pіkіrler (2)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Айгул Жунусбаева | 01.07.2020 04:57

Иманды болсын! 😢🤲

Рустам Молдахметов | 01.07.2020 08:25

Аллаh Тагала осы Устазымызды оз Рахымына аласын жане де Жаннаттын Торiнен орын берсiн ин шаа Аллаh... 😪😪😪