Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Павлодар өңірінде екінші құдық қолданысқа берілді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 01.07.2020 2978 0 пікір
Павлодар өңірінде екінші құдық қолданысқа берілді

Павлодар облысының Павлодар ауданына қарасты Кемеңгер аулында тұратын жалғызбасты, көп балалы ана Айнагүл Қасмағанбетованың отбасы үлкен қуанышқа кенелді.

Отбасына арналып скважина қазылып, осы құдық арқылы таза ауызсу құбыры үйге енгізілді. Бұл шара ҚМДБ-ның «30 жылдыққа 30 игі шара» қайырымдылық жобасы арқылы іске асты.

Отбасына жасалған қайырымдылық шарасына Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов, Кемеңгер аулы «Мұрат ишан» мешітінің имамы Кажуев Медет және ауыл басшылары мен тұрғындары қатысты. Өз кезегінде отбасы мүшелері имамдарға ағыл-тегіл алғыстарын жеткізді.

«Облысымызда осымен екінші құдық қазылып, сауапты іс жасалды. Бұл «ҚМДБ 30 жылға 30 игі іс» жоспарына сай атқарылды»,-дейді бас имам Жолдас Қоспақұлы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру