Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қарағанды: БАҚ өкілдерін құттықтады

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 30.06.2020 2346 0 пікір
Қарағанды: БАҚ өкілдерін құттықтады

БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚМДБ-ның Қарағанды облысындағы өкіл имамының бастамасымен облыстық «Әнет баба» мешітінің ұжымы облыстағы БАҚ журналистері мен меншікті тілшілерді кәсіби мерекемен ұттықтады.

«Халық арасында «Бұқаралық ақпарат құралдары – халықтың көзі мен құлағы» деген ұғым қалыптасқан. Шындығында да, ауылдарда, аудандарда, облыстарда, республикада, бүкіл әлемде болып жатқан барлық жаңалықтарды, оқиғаларды, жақсылықтар  мен  кемшіліктерді осы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы есітіп, көріп, оқып білеміз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ислам діні насихат арқылы тарайды» деген болатын. Ал бұқаралық ақпарат құралдары керемет насихат құралы  десек, артық айтқандық болмас. Сондықтан, діни қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халыққа діни насихат таратады. Яғни, журналистермен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара қойын-қолтық бірлесіп жұмыс істеуге ынталы.

Аллаға шүкір, Қарағандыда барлық бұқаралық ақпарат құралдары бірлесіп тізе қоса жұмыс істеп, Ислам дінінің тәлімдік-тәрбиелік құндылықтарын  халыққа насихаттап келеді» деп атап өтті «Әнет баба» мешітінің имамдары.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру