Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Жас суретшілерге қанат бітірді

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 19.06.2020 2469 0 пікір
Қостанай: Жас суретшілерге қанат бітірді

Рудный қалалық «Нұр» мешіті мен қалалық «Балалар көркемсурет мектебінің» ұйымдастыруымен «Көрікті қала» атты сурет салудан сайыс өтті.

Сайыс барысында балалар бірнеше топқа бөлініп, қаланың көрікті ғимараттарын қағаз бетіне түсіріп, қабілетін көрсетті. Сайысқа 12-14 жас аралығындағы 25 оқушы қатысып, бақ сынады. Сурет салу кезінде барлық қатысушыға тәттілер мен балмұздақтар таратылды.

«Нұр» мешітінің имамы Бектұрсын Уәлиев сайыстың мақсатын түсіндіре келіп: «Біздің негізгі көздегеніміз – дарынды балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық  сезімін жетілдіру. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы табиғи мүмкіндіктерін дамыту, жауапкершіліктерін нығайту,түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен ынтымақтастықты барынша арттыру» деді.

Сонымен қатар ол келешегіміздің жарқын да баянды болуы, ұл-қыздарымыздың қазіргі кезден бастап тәрбиелі, әдепті болып қалыптасуына әбден байланысты екеніне де жан-жақты тоқталды.

Әділқазылар алқасы, яғни қылқалам өнерінің білікті мамандары балғындардың шығармашылығына лайықты баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздарды бас имам арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру