Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Бас имам аудандарды аралады

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 18.06.2020 2591 0 пікір
Қостанай: Бас имам аудандарды аралады

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет өңірдегі Рудный, Лисаков қалалары мен Майлин, Денисов, Жітіқара аудандарында кезекті іс-сапарда болды.

Бас имам аталмыш аудандар мен қалалар мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысып, карантин уақытындағы жұмыс барысы және қалыптасқан тәртіпке айрықша көңіл бөлді.

Сапар барысында жергілікті имамдар өздерінің атқарып жатқан істері жайлы баяндады. Сонымен қатар алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарына тоқталып, маңызды жобаларды талқылады.

Облыстағы Майлин, Денисов аудандары мен Лисаков қаласындағы мешіттерге жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажеттігі айтылды. Ал Жітіқара ауданындағы «30 игі іс» жобасы бойынша қазылатын құдық орны және оған дайындық, сондай-ақ қала шетіндегі жаңа қорымның жұмыстарына да ерекше назар аударылды.

Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы жергілікті «Ержан Тәтішев» мешіті қызметкерлерінің ел игілігі жолында тындырып жатқан істерін жоғары бағалап, оларға 30 мың теңге көлемінде қаржылай марапат жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру