Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Мешіт 38 отбасыға көмек көрсетті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 16.06.2020 2423 0 пікір
Шымкент: Мешіт 38 отбасыға көмек көрсетті

Шымкент қаласы Абай ауданы Құрсай тұрғынүй алабында орналасқан  «Құрсай» мешіті қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Өздеріңізге белгілі, әлемді жайлаған жұқпалы дертке байланысты, көпшілік болып іс-шаралар өткізуге және құдайы ас жиын өткізуге уақытша шектеулер қойылған. Осы жағдайды ескеріп, Құрсай тұрғын үй алабының тұрғыны болған марқұм Дарханбек Амалбекұлының туыстары жылдық құдайы асына кететін қаржыға 38 отбасыға құны 10 мың теңгені құрайтын азық-түлік себетін таратты. Атап айтқанда, өсімдік майы, шай, күріш, қант, ұн, макорон,  түрлі тәттілер т.б заттар.

Шара барысында «Құрсай» мешітінің имамы Бауыржан қажы Байжанов уағыз-насихат айтып, Діни басқарманың жұмыстары туралы баян етті. Ал ауылдың абыз ақсақалы Бөріұлы Ордабек ата бата беріп, елдің амандығын тіледі.  Айта кету керек, жуырда ғана «Құрсай» мешітінің ұйымдастыруымен елдімекен тұрғындарына әлемге дүрбелең салған жұқпалы індеттен қорғаныш ретінде бетперде (маска) үлестірді. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру