Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШҚО: Екі бірдей отбасы баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 10.06.2020 3759 0 пікір
ШҚО: Екі бірдей отбасы баспаналы болды

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі және «Зекет» қорының өңірлік филиалының ұйытқы болуымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан көпбалалы екі отбасыға баспана берілді.

Баспана кілтін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров табыс етті.

«Ел үлесі – пәтерге!» акциясымен ел көлемінде бүгін міне, 233 және 234-ші отбасыға баспана табыс етіліп жатыр. Мұқтаждарды қуанту, жақсылық жасау – Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ардақтаған ең сауапты істердің бірі. Осынау салауатты да сауапты шара – өкілдіктің үлкен бір еңбегінің нәтижесі» деп ерекше атап өтті.

Баспанаға ие болған ақжарлық көпбалалы Р.Сатенбаевтар отбасы игі істі ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді.

«Бас мүфтиге алғысым шексіз. Қаншама жылдар баспана қиындығын тартып келдік. Енді міне, соның барлығы бір күндегідей болмай ұмытылып, жақсылыққа қолымыз жетіп отыр» деп ерекше сезіммен алғысын жеткізді.

Баспаналы болған отбасыларға ауылдың ақжаулықты әжелері шашу шашып, қариялар батасын беріп, ізгі тілек білдірді. «Ел үлесі-пәтерге» жобасы өңірде алдағы уақытта да жалғасын табады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру