Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматыда ІХ республикалық Құран жарысы өтеді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 10.06.2020 3746 0 пікір
Алматыда ІХ республикалық Құран жарысы өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 27-28 шілде күндері Алматы қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық Құран жарысы өтеді.        

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
- үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
- толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
- үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
- үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
- үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады. 

Сондай-ақ, іріктеу сайысына үміткерлер қазақы киім үлгісінде ғана қатыса алады.

Қажетті құжаттар: «Үміткердің анкетасы», «Жеке куәлік көшірмесі», «Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі» мен «Бас имамның ұсыныс хаты».

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2020 жылдың 17 шілдеге дейін respquranjaris@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.  

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің» деп айтқанындай, баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат үшін: +7 702 758 38 58 – Серік қари Болатханұлы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру