Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей: Алаш арыстарына арнап Құран хатым оқылды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 02.06.2020 2912 0 пікір
Семей: Алаш арыстарына арнап Құран хатым оқылды

ХХ ғасырдың басында Алаш арыстары Семей қаласына топтасып, Алаштың туын осы шаһарға тіккен еді. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және  ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Семейдегі Тыныбай мешітінде Құран хатым оқылды.

Тыныбай мешітінде Құран хатым оқылуының өз тарихи ғибраты бар. Себебі бұл мешіт Құнанбай қажы Өскенбайұлы, Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, басқа да ұлт зиялылары осы мешітте болып, осы орында киелі рухани ордаға айналдырған болатын.

«Біздің басты мақсатымыз – өткен тарихты таразылап, ел болашағы үшін құрбан болған Алаш арыстарының есімін ардақтау» дейді Семей өңірінің бас имамы Асқар Мұқанов.

Құран хатымға арнайы қатысқан белгілі абайтанушы Асан Омаров өткен ғасырдың 30-жылдарындағы аштық пен нәубет тарихына кеңінен тоқталды.

«Бұл – қазақ халқы үшін қасіретті күн. 2 миллионға жуық адам аштықтың құрбаны болып, қазақ демографиясы тоқырауға ұшырады. Қаншама арысымыз солақай саясаттың құрбаны болды. Семей имамдарының, белгілі тұлғалардың ізі қалған шежірелі мешітте Құран хатым оқылудың өзінде үлкен тарихи мән бар» деді Асан Омаров.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру