Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Павлодар: Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 31.05.2020 2521 0 пікір
Павлодар: Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Павлодар өңіріне қарасты мешіттерде Құран хатым түсіріліп, арнайы дұға жасалды.

Бабалар рухына бағышталған Құран хатым соңында облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы:

«Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккен ата-бабалар рухына тағзым ету, Алладан олардың рухына пана тілеу біздің мұсылмандық парызымыз. Сол бабалардан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында тарихтың әр кезеңіндегі қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігіп, мемлекет құрып отырмыз. Тәуелсіздігіміз баянды болып, мұндай нәубеттің қайталануынан Жаратушы Алла Тағала өзінің панасына алсын!» деді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру