Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ 100 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 15.05.2020 2877 0 пікір
БАС МҮФТИ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ 100 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ (ФОТО)

Бұл туралы елордада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

«Биыл қасиетті Рамазан айының карантин жағдайында өтіп жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Бұл жағдай сауапты амалдар мен игі шараларға кедергі келтірмеді. Мешіт тарапынан 100 мыңға жуық көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасалды. Ауызашар асы әлі күнге дейін тегін таратылуда. Сауаптар еселеніп жазылатын берекелі айда игі іске атсалысқан барша азаматқа айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!

Біз осынау игі жұмыстармен шектелмей, Мақтаарал ауданындағы тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге әр облыстағы мешіттердің қолдауымен азық-түлік тиелген жүк көліктерін жібердік. Қаржылай да қолдау көрсеттік. Қосымша 30 тонна ұн жеткізетін боламыз. Алла қаласа, 18 мамырда Мақтаарал ауданындағы баспанаға аса зәру екі отбасыға екі үйдің кілтін табыстаймыз. «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында жүзеге асатын қайырымдылық шарасына, Алла бұйырса өзім де қатысамын. Сондай-ақ Төлеби ауданындағы тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге де қайырымдылық көмек береміз» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру