Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: 100 отбасыға азық-түлік пакеті таратылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 02.04.2020 2658 0 пікір
Ақтөбе: 100 отбасыға азық-түлік пакеті таратылды

Бүгін Ақтөбе облыстық өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізді. Дүние жүзін дүрліктірген COVID-19 індетіне қарсы елімізде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз біргеміз» атты және Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық жобалары аясында, ақтөбелік 100 отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды.

Ақтөбедегі ауқымды қайырымдылық шарасына көтерме сауда дүкендерінің иелері мен жалпы шағын бизнес өкілдері бірауыздан үн қосып, белсенді түрде атсалысты. Облыс орталығында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасыларға күнделікті тұтынатын аса қажетті азық-түлік түрлері жеткізілді. 100 мұқтаж отбасыға жеткізілген әрбір пакетте: 5 литрлік күнбағыс майы, шәй, шекер, пияз, картоп, сәбіз, ұн, макарон өнімдерін қамтыған 2.5 тонна азық-түлік үлестірілді.

Қазіргідей коронавирус пандемиясын ауыздықтау мақсатында жарияланған карантин кезінде үйде қалып, тұрмыстық түйткілге тап болған мұқтаж жандармен және көпбалалы отбасылармен #Biz_Birgemiz. Өңірдегі мұндай қайырымдылық шаралары әлі жалғасады. Елдегі төтенше жағдай мерзімі аяқталғанша, тұрмысы төмен жерлестерімізге қажетті көмек көрсету көзделіп отыр.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру