Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Карантин кезіндегі көмек

Халал өнімдерін сертификаттау бөлімі 01.04.2020 3900 0 пікір
Карантин кезіндегі көмек

«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков мен өңірлік «Зекет қоры» бастамасымен облыс аймағында жалпы саны 400 000  теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Атап айтқанда, блок бекеттердегі әскери және медицина қызметкерлеріне, жолаушыларға ыстық тамақ жеткізіліп, жағдайы төмен отбасыларға қажетті азық-түлік үлестірілді. Сонымен қатар карантин кезінде сыртқа шығу мүмкіндігі болмаған, қарияларға да азық-түлік ретінде бірқатар көмек көрсетілді.

Игі іске белсене кіріскен «Халал Даму» және «Зекет қоры» өкілдері өңірдің алыс-жақын аудан-ауылдарына қажетті азық-түлікті өздері жеткізді. Елімізде карантин басталғаннан бері қолға алынған қайырымдылық шарасы қызу жалғасып жатыр.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру