Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ақтөбе: Балық аулау жарысы өтті

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 28.01.2020 3184 0 пікір
Ақтөбе: Балық аулау жарысы өтті

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің имамдары ауыл жамағатының қысқы демалыс уақытын тиімді өткізу және өзара ауызбіршілігін нығайту мақсатында айрықша спорттық сайыс ұйымдастырды. Қаланың шетіндегі Шалқар көлінің жағасында балық аулаудан өткен қысқы жарысқа елуден астам жергілікті тұрғын айрықша ықыласпен қатысты.

Аудандық мешіттің наиб имамы Нұрсұлтан Нұрдәулетұлының айтуынша, балықшылардың өзара тартысты сайысына бағалы сыйлықтар тігілді. Нәтижесінде, жарыс жеңімпазы Ербол Қонысбаевқа – жиналмалы шатыр, екінші орын иегері Елуов Нұрболға – газ тағаншасы, үшінші орын алған Еркебұлан Қошпанов, Әлжан мен Берік Бердалинге қол шамдары табысталды. Ал Баубек Төлеуғазиев, Жоламан Көзбаев, Аян Нұранов мен Руслан Қалиевқа ынталандыру сыйлығына термос тарту етілді. 

Осылайша, аязды ауа райына қарамастан, шалқарлықтар арасында салауатты өмір салты насихатталып, ерекше спорттық жарысты ұйымдастырған дін қызметкерлеріне жергілікті жамағат шексіз ризалығын білдірді.


Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру