Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Бас имам студенттермен кездесті

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 28.01.2020 2135 0 пікір
Бас имам студенттермен кездесті

Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы Нұр-Мүбарак университетінің студенттерімен кездесті.

Тағылымды кездесуде бас имам ілім нұрынмен сусындап жатқан шәкірттерге алғыс айтып, білім алудың сауапшылығы жайлы сөз өрбітті. Өкіл имам бүгінгі таңда ҚМДБ-ның бастамасымен атқарылып жатқан  ауқымды жұмыстар жайлы сөз қозғап, былтырғы Имамдар форумында қабылданған  «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына ерекше тоқталды.

Құнды еңбекке түсіндірме жасап, имамдық қызметтің жауапкершілігі, қоғамдағы маңызды рөлі туралы болашақ дін мамандарына баяндап, осы жауапты қызметтегі қиындықтар туралы да тәлімгерлерге жеткізді.

Өңірімізден оқып жатқан студенттерге  ауылдық мешіттердің ахуалын, қай бағытта ерекше жұмыс қажет екенін  атап өтіп, шалғай ауылды аймақта қызмет етуге шақырды.  Бас имам студенттерге облыстық  мешіттің тәлімгерлермен байланысқа жауапты имамы Дәуренбек Жандосұлын таныстырып, екіжақты байланыстың үзілмей, ерекше қарқынмен дамуына ықпал жасауын тапсырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру