Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Бас имам тарихи музейде болды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 28.01.2020 2582 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам тарихи музейде болды

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Елжанов Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды.

Ол мұнда музей директоры Тамара Жұмалиева мен Маңғыстау өңіріне белгілі қаламгер, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлымен кездесіп, музей жұмысымен танысты. Жүздесудің салт-санамызды дәріптеп, ұлттық дәстүрімізді ұлықтап, оны дініміздің асыл құндылық-қағидаларымен ұштастыру арқылы салауатты ұрпақ қалыптастырудың тиімділігі жайлы бастамалар айтылды.

Бас имам ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына «30 игі шара» жобасы негізінде Ислам тарихы мен салт-дәстүрімізден сыр шертетін арнайы көрме өткізу керегін тілге тиек етті. Отыншы Көшбайұлы өзінің Маңғыстау өңірінің тарихынан сыр шертетін «Маңғыстау ғашықтары мен арулары», «Жусан исі» атты кітаптарын бас имамға сыйға тартты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру