Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Еркінбек Шоқай «Құрмет» орденімен марапатталды

https://azan.kz/ 15.12.2019 3079 0 пікір
Еркінбек Шоқай «Құрмет» орденімен марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы қаласының бас имамы, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Еркінбек қари Шоқай «Құрмет» орденімен марапатталды. Орденді бас имамға Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз қолымен табыстады. 

«Осындай марапатқа лайықты көріп мені ұсынған Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа және Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіретке алғысымды білдіремін. Бұл ел мен дінге аянбай қызмет етіп жүрген Алматы қаласы имамдарының ортақ марапаты әрі абыройы. Мемлекет басшысының сенімі әрі жүктеген жауапкершілігі біз үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта ары қарай белсенді қызмет ете беруге, сенімді ақтауға, жауапкершілікті абыроймен атқаруға орасан зор шабыт береді деп қабылдаймыз. Барша әріптестеріме рахмет айтамын. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әумин!» деп деп жазды бұл жайлы өзінің facebook-тағы парақшасында.

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру