Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Кәсіпкерлер қариға пәтер сыйлады

http://nasihat.kz/ 13.12.2019 2532 0 пікір
Кәсіпкерлер қариға пәтер сыйлады

Бұл жағымды жаңалық көкшелік мұсылман қауымды бір қуантып тастады.

Осыған дейін «Ел үлесі – пәтерге!» жобасы бойынша Ақмола облысы бойынша 7 пәтер берілген еді. Жобаның жалғасы ретінде жекелеген адамдар ғана емес, кәсіпкер азаматтар да қомақты үлес қосып, екі бөлмелі жайлы пәтер Көкшетау қаласындағы Тілеулес қажы атындағы қарилар орталығының директоры Теміржан Мұратовтың отбасына салтанатты жағдайда табыс етілді.

Шараға ҚМДБ-ның Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев келіп, қоныс иесіне тілек сөзін айтты. Шашу шашылып, меймандар қаридың алғашқы дастарханынан дәм татты. Шараға Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит те қатысты. Өз кезегінде қаридың ата-анасы облыстық өкілдікке және пәтер сатып әперуге үлес қосқан азаматтарға ризашылық білдірді.

    

     

  

   

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру