Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Бас имам студенттермен сұхбаттасты

Маңғыстау облысы орталық мешітінің баспасөз қызметі 09.12.2019 2472 0 пікір
Бас имам студенттермен сұхбаттасты

Маңғыстау облысының бас имамы Алматы қаласына жасаған сапары барысында Нұр Мүбәрак университетінде оқып жатқан маңғыстаулық студенттермен кездесті.

Кездесу барысында елге, дінге қызмет етудің маңыздылығы сөз болды. Сонымен қатар, студенттерді алаңдатқан сауалдар төңірегінде сұхбат өрбіді. Исламтану, дінтану, теология саласы бойынша білім алып жатқан маңғыстаулық 80 шәкірт бас имаммен еркін әңгімелесіп, білім саласы бойынша ойын ортаға салды.

Өз кезегінде бас имам Әнуар Ізімбайұлы маңғыстаулық шәкірттерді туған өлкеде діни қызметке шақырып, өкілдік тарапынан бірқатар мүмкіндіктер қарастырылатынын мәлімдеді. Кездесу соңында шәкірттер бас имамға алғыс білдіріп, ізгі тілегін жеткізді.

Айта кетсек, биыл Маңғыстау облысынан Нұр-Мүбәрак университетіне 2019 жылғы жаңа оқу жылына қабылданған студент саны – 33.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру