Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Өскемен: Тұғырнама аймақтарда таныстырылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 09.12.2019 2290 0 пікір
Өскемен: Тұғырнама аймақтарда таныстырылды

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау айлығын жариялап, осы құжатты аудан мен қала мешіттері жамағатына, жалпы халыққа насихаттау мақсатында түрлі жиындар өткізуді қолға алған болатын.

Сондай шараның бірі ШҚО-ның Тарбағатай аудандық кітапханасында өтті. «Жеті рухани қазық – игілік негізі» атты жиынды Ақсуат ауылдық Ұранхай қажы мешітінің ұйымдастырды. Шараға аудандық мешіттнің қызметкерлерімен қатар ауыл имамдары, аудан тұрғындары, ақсақалдар, жастар және кітапханашылар қатысты.

Таныстырылым барысында «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Жортымов жиналған жұртшылыққа аталған құжаттың адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын айта келе, тұғырнаманы насихаттау, халыққа жеткізудің қажеттілігіне тоқталды.

«Бүгінгі таңда рухани құндылықтарды орнықтыру, қоғамда ізгілік пен имандылық қағидаларын насихаттау аса маңызды. «Жеті рухани қазық» – адам бойынан табылатын игі қасиеттерді топтастырған бірегей құжат» деді ол.

Жиында аудандық ақсақалдар кеңесі мен ардагерлер алқасының мүшелері, кітапханашылар сөз алып, рухани тұғырнамадағы құндылықтар жайлы ойын ортаға салды. Сондай-ақ ауыл имамдарына аталған тұғырнаманы таратып, насихаттау міндеті жүктелді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру